Вы здесь
V годовое общее собрание казахстанской ассоциации сварки “KAZWELD”
Пресс релиз
V ГОДОВОЕ ОБЩЕЕ СОБРАНИЕ КАЗАХСТАНСКОЙ АССОЦИАЦИИ СВАРКИ “KAZWELD”
15 мая 2014 года в г. Астане, в здании АО «Научно-технологический центр «Парасат», пр. Республики, 24, состоится V годовое общее собрание Казахстанской ассоциации сварки “KazWeld”.
В работе собрания примут участие руководители государственных министерств и ведомств, представители Администрации Президента РК, руководители отечественных и зарубежных компаний, представители международных организаций, а также руководители высших и средних учебных заведений РК.
Казахстанская ассоциация сварки KazWeld создана для увеличения местного содержания в сварочной индустрии и подготовки казахстанских специалистов в соответствии с ведущими международными стандартами. Идея создания отечественного института сварки, а также независимой некоммерческой Казахстанской ассоциации сварки была предложена компанией TOTAL в декабре 2009 года в ходе работы 22-й Пленарной сессии Совета иностранных инвесторов при Президенте Республики Казахстан. Инициатива компании TOTAL была поддержана Главой государства и Правительством Республики Казахстан.
Создание KazWeld предоставило отечественным специалистам новые возможности в сертификации сварочного производства и персонала, в профессиональной подготовке казахстанских кадров по сварке согласно международным стандартам. KazWeld является членом Международного Института Сварки, чьи сертификаты и дипломы на сегодня признаются в 57 ведущих странах мира на пяти континентах.
В настоящее время Казахстанская ассоциация состоит из 36 участников, включающих профессиональные учебные заведения и крупных игроков нефтегазового, машиностроительного и других секторов Казахстана.
Ассоциация ставит перед собой амбициозные цели:
- Увеличение количества и повышение качества высококвалифицированных и аттестованных по международным стандартам Казахстанских сварщиков;
- Увеличение количества сертифицированных институтов, учебных центров, охватывающих все основные регионы Республики Казахстан;
- Обеспечение обмена опытом и передачи технологий и ноу-хау, проведение совместных научных исследований;
- Подъем уровня национальных стандартов по обучению и квалификации в области сварки до уровня лучших международных стандартов. Таким образом, обученные казахстанские специалисты и их дипломы будут высоко конкурентоспособны и широко известны как на местном, так и на международном уровнях;
- Повышение промышленного потенциала, промышленной безопасности и конкурентоспособности экономики Республики Казахстан.
За прошедшие 4 года со дня основания Казахстанской ассоциации сварки KazWeld в 9 тренинг-центрах Ассоциации подготовлено 247 международных специалистов по сварке по следующим квалификациям:
- Международный инженер по сварке – 53 чел.
- Международный инспектор по сварке – 7 чел.
- Международный технолог по сварке – 5 чел.
- Международный практик по сварке – 29 чел.
- Международный сварщик – 153 чел.
- Проходят обучение – 35 сварщиков и 14 инженеров.
В текущем рейтинге Международного института сварки Казахстанская ассоциация сварки KazWeld находится на 11-м месте (на втором месте среди Азиатских стран).
Историческая справка:
- Март 2011: Создание Казахстанской независимой некоммерческой Ассоциации сварки KazWeld и Казахстанского института сварки (г.Караганда).
- Июль 2011: KazWeld утвержден 55-м членом Международного института сварки.
- Июнь 2012: Проведен международный аудит Казахстанской ассоциации сварки KazWeld с участием экспертов из Международного института сварки.
- Июль 2012: В ходе работы Генеральной ассамблеи Международного института сварки в г. Денвер (США), Казахстан получил статус Казахстанского уполномоченного органа и полную авторизацию на обучение, аттестацию и выдачу дипломов Международного института сварки, а также на сертификацию учебных центров по международным учебным программам по сварке.
- 18 ноября 2014 г. на Генеральной ассамблее Европейской Федерации сварки (EWF) Казахстан в лице ассоциации «KazWeld» получил статус наблюдателя.
- 4 февраля 2015 г. на Парижских заседаниях IIW & IAB ассоциация KazWeld получила статус Казахстанского уполномоченного органа по сертификации компаний и полную авторизацию на деятельность по сертификации сварочных производств в соответствии с ISO 3834.
- 9 марта 2015 г. ассоциация KazWeld получила полное право на сертификацию сварочного персонала по схеме Международного института сварки в соответствии с ISO 14731.
- 11 мая 2015 г. ассоциация KazWeld получила полное право на сертификацию сварщиков, операторов сварки и пайщиков по схеме Европейской Федерации сварки в соответствии с международными, европейскими стандартами и стандартами ведущих стран мира.
Эксперты Международного института сварки отметили, что Казахстан прошел путь от вступления в Международный институт сварки до полных авторизаций за уникально короткий срок, намного превысив ожидания мирового сообщества. Это стало возможным не только благодаря активной работе самой ассоциации и ее членов, но и поддержке со стороны государственных органов, а также стратегического партнера - компании TOTAL E&P Kazakhstan.
Контактные тел: (7172) 26 98 78
+7 701 538 5652 / +7 701 522 5334
www.kazweld.kz
Пресс релиз
“KAZWELD” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘНЕКЕРЛЕУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ V ЖЫЛДЫҚ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
2014 жылдың 15 мамырында Астана қаласында Республика даңғылы, 24 мекен-жайы бойынша орналасқан «Парасат» ғылыми-технологиялық орталығы» АҚ ғимаратында “Кazweld” қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының V жылдық жалпы жиналысы өтеді.
Жиналысқа министрліктер мен мемлекеттік мекемелердің басшылары, ҚР Президент Әкімшілігінің өкілдері, отандық және шетелдік компаниялардың басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдері мен ҚР жоғары және орта оқу орындарының басшылары қатысады.
“Кazweld” қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы дәнекерлеу индустриясындағы отандық үлесті көбейтіп, қазақстандық мамандарды халықаралық стандарттарға сәйкес дайындау мақсатында құрылған. Дәнекерлеудің отандық институтын және Дәнекерлеудің бейкоммерциялық тәуелсіз қазақстандық қауымдастығын құру идеясын TOTAL компаниясы 2009 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-пленарлық сессиясы жұмысы барысында ұсынған. TOTAL компаниясының бастамасы Елбасы және Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан қолдау тапты.
KazWeld-тің құрылуы отандық мамандарға дәнекерлеу өндірісі мен персоналын сертификаттауда, қазақстандық дәнекерлеу кадрларын халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби дайындауда жаңа мүмкідіктер туғызды. KazWeld - әлемнің бес құрлығындағы 57 жетекші мемлекетте дипломдары мен сертификаттары танылған Халықаралық Дәнекерлеу Институтының мүшесі.
Бүгінгі таңда Қазақстандық қауымдастыққа мұнай-газ, машина жасау және Қазақстанның өзге де секторларларындағы ірі ойыншылар мен кәсіби оқу орындары кіретін 36 мүше кіреді.
Қауымдастық алдында мынадай үлкен мақсаттар тұр:
- Халықралық стандарттарға сәйкес аттестацияланған және жоғары білікті қазақстандық дәнекерлеушілердің сапасын арттырып, санын көбейту;
- Қазақстан Республикасының негізгі аймақтарын қамтитын сертификатталған институттардың, оқу орталықтарының санын арттыру;
- Тәжірибе алмасу мен ноу-хау технологиясын үйрету, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;
- Дәнекерлеу саласындағы біліктілік пен оқытудың ұлттық стандарттарын үздік халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру. Осылайша оқытудан өткен қазақстандық мамандар мен олардың дипломдары бәсекеге қабілетті болып, тек жергілікті деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейде де танылады.
- Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік әлеуетін, өндірістік қауіпсіздік пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Өткен 4 жылдың ішінде “Кazweld” қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығының құрылу сәтінен бастап Қауымдастықтың 9 тренинг-орталықтарында дәнекерлеу бойынша 247 халықаралық маман дайындалды:
- Дәнекерлеу бойынша халықаралық инженер – 53 адам
- Дәнекерлеу бойынша халықаралық инспектор– 7 адам
- Дәнекерлеу бойынша халықаралық технолог– 5 адам
- Дәнекерлеу бойынша халықаралық практик– 29 адам
- Халықаралық дәнекерлеуші – 153 адам
- Оқу үстінде – 35 дәнекерлеуші мен 14 инженер.
Дәнекерлеудің халықаралық институтының қазіргі рейтингісінде “Кazweld” қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы 11- орында тұр (Азия елдерінің ішінде 2-орында).
Тарихи анықтама:
- Наурыз, 2011: KazWeld дәнекерлеудің бейкоммерциялық тәуелсіз қазақстандық қауымдастығы мен Дәнекерлеу қазақстандық иснтитутының құрылуы (Қарағанды қаласы).
- Шілде, 2011: KazWeld қауымдастығын Дәнекерлеудің халықаралық институты 55-мүше ретінде бекітті.
- Маусым, 2012: “Кazweld” қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығында Дәнекерлеу халықаралық институты сарапшыларының қатысуымен халықаралық аудит өткізілді.
- Шілде, 2012: Денвер қаласындағы (АҚШ) Дәнекерлеу халықаралық институты Бас ассамблеясының жұмысы барысында Қазақстан өкілетті орган мәртебесін алып, оқытуға, аттестаттауға, Дәнекерлеу халықаралық институтының дипломдарын беруге, оқу орталықтарын дәнекерлеудің халықаралық оқу бағдарламаларына сәйкес сертификаттауға құқық алды.
- 18 қараша, 2014 ж. Дәнекерлеу Еуропалық Федерациясының (EWF) Бас ассамблеясында Қазақстан «KazWeld» қауымдастығынң атынан бақылаушы мәртебесіне ие болды.
- 4 ақпан, 2015 ж. IIW & IAB Париж отырыстарында KazWeld қауымдастығы компанияларды сертификаттауда Қазақстандық өкілетті орган мәртебесін және ISO 3834 стандарттарына сәйкес дәнекерлеу өндірістерін сертификаттау бойынша толық құқыққа ие болды.
- 9 наурыз, 2015 ж. KazWeld қауымдастығы ISO 14731 стандартына сәйкес Дәнекерлеу халықаралық институты үлгісі бойынша дәнекерлеу персоналын сертификаттауға толық құқық алды.
- 11 мамыр, 2015 ж. KazWeld қауымдастығы халықаралық, еуропалық және әлемнің жетекші елдерінің стандарттарына сәйкес Дәнекерлеу Еуропалық Федерациясы үлгісі бойынша дәнекерлеушілерді, дәнекерлеу операторлары мен дәнекерлеп бекітушілерді сертификаттауға толық құқық алды.
Дәнекерлеу халықаралық институтының сарапшыларының айтуынша, Қазақстан Дәнекерлеу халықаралық институтына мүше болып кіруден бастап, толық құқық алғанға дейінгі жолды ең қысқа мерзімде өтіп, сол арқылы халықаралық қоғамдастықтың болжамдарынан асып түсті. Бұған қауымдастық пен оның мүшелерінің белсенді қызметінің арқасында ғана емес, мемлекеттік органдар, сондай-ақ TOTAL E&P Kazakhstan стратегиялық серіктес-компанияның тарапынан қолдаудың арқасында қол жеткізілді.
Байланыс тел: (7172) 26 98 78
+7 701 538 5652 / +7 701 522 5334
www.kazweld.kz